Ирактағы Күрдістан Парламентіндегі отырыстан кейін, Күрд аймағының басшысы Масуд Барзанидың билігін үкімет, парламент және Әділет комиссиясына бөліп беру дауыспен мақұлданды. Ирактағы «Түркімен майданы» ұйымының мүшесі Айдын Маруф та осы жөнінде арнаулы мәлімдеме жасап растады. Бұл туралы BBC-дің ресми сайты жазды.
Маруфтың айтуынша, Күрд аймақтық әкімшілігінің басшылық лауазымын жою туралы да қарастырылу үстінде екен. Масуд Барзани өзінің Парламентке жазған хатында, 1 қарашадан бастап өкілетті мерзімі аяқталатын басшылық қызметін жалғастырмайтынын, өкілетті мерзімді ұзартуды да қабылдамайтынын айтқан.
Масуд Барзанидың міндет мерзімінің толуына байланысты басшылық қызметін қорытындылау және өткізіп алу жиналысы кезінде, оның жақтастары, Күрдістан демократиялық партиясының белсенділері жиын залына басып кіруге әрекет жасаған. Олар ғимаратты қоршап алып, қолдарына қаруларын ұстап, Барзаниды жақтап ұрандаған. Аспанға оқ атып, жиын залына басып кіруге тырысқан. Алайда, қауіпсіздік қызметкерлері оларды ғимараттан күштеп шығарған.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі