Қазіргі уақытта ешкім біреуге ақыл немесе  сын айтуды қаламайды. Тек өзі қалыптастырған  кеңістікте өмір сүруді қалайды. Алайда тек олай өмір сүре бермей басқалардың да пікірімен санаса білген жөн. Ендеше назарларыңызға Quora және  Reddit сынды кеңестер мен сындар жазылатын әлеуметтік желідегі 30 жасқа дейін үйренуге тиіс дүниелер туралы жазылған ақпараттарды назарларыңызға ұсынамыз. 

Алдымен өзіңізді сүюді үйреніңіз

Фото: insider.pro

Quora қолданушысы Руши Ра­шин­кар осылай дейді. Басқаша айтқанда, өз-өзіңізге деген аяушылық сезімін дамытуыңыз керек. Ғалымдардың айтуынша, бұл сізге табысты болуға көмектеседі екен, өйткені сіз өз қателіктеріңізден үйренесіз. Сәтсіздікке ұшыраған досыңызға немесе әріптесіңізге қандай әрекет танытсаңыз, өзіңізге де солай істеңіз. Сонда өзіңіздегі кемшіліктерді байқап, жағымсыз әрекеттерді жеңуге тырысасыз.

Тәуекел етіңіз

Quora қолданушысы Пра­нав Пак былай деп жазады: "Қазір қандайда бір тәуекелдерге барып одан тәжірибе жинай білетін уақыт. Егер бәрі жақсы болса сіз жетістікке жеттіңіз деген сөз. Ал сәтсіздікке ұшырап, оған төзе білсеңіз - бұл 40 жыл айтуға болатын сіздің керемет тарихыңыз.  30 жасқа дейін адамда қуат, батылдық  жеткілікті болады. Сондықтан сәтсіздік болған күннің өзінде бәрін қайта басауға мүмкіндік бар".

Мысалы әлемдегі ірі интернет сауда компаниясына айналған Amazon-ның басшысы Джефф Безос сәтсіздікке көп ұшыраса да қайта тәуекел жасай білген адам. Ол: "Егер жеңіске жетуге 10 пайыз болса да сеніміңіз болса, бәс тігу керек", - дейді.

Әлсіз жақтарыңызды күшейтіңіз

Бұл Quora қолданушысы Пиуша Дж­бе­даның айтқаны. Оның сөзінше, сіздің әлсіздігіңіз - сіздің бәсекелесіңіз. Ал Эрик Бар­кер атты қолданушы онымен толықтай келіседі. Ол өзінің блогында әлсіздігін жеңген Майк­л Фелп­с пен Уин­сто­н Чер­чил­ді мысалға келтіреді. Мысалы Майкл Фелпстың стандартқа сай келмейтін дене бітімі марафоншы немесе биші болуға кедергі жасағанымен, әлемге танымал жүзуші болуына көмектесті. Ал Ұлыбритания премьер министрі болған Уин­сто­н Чер­чилль паранойяға (психикалық ауру) шалдыққанан кейін жоғары лауазымды қызметке келе алмаймын деп ойлаған. Алайда ол Адольф Гитлердің әлемге төндірген қауіпін көріп, өзін қайта қолға алды.

Өзіңізді басқалармен салыстырмаңыз

Reddit қолданушларының бірі "өзіңізді басқалармен салыстырмаңыз" дейді. Мысалы біз жетістікке жеткен жостарымызды немесе отбасын құрып балалы болған жақындарымызды көріп, олармен өзімізді салыстыра бастаймыз. Ал бұл адам баласына тек зиян келтірады. Сондықтан өзіңізді өзгемен салыстырып үйренбеу керек. Біз өзіміздегі бар дүниемен өмір сүреміз. Олардың қолынан келген нәрсе сіздің де қолыңыздан келеді. Тек талпыныңыз.

Адамдарды таңдандыру үшін дүние сатып алудың қажеті жоқ

Адамдарды таңдандыру үшін шексіз сауда жасап, соның аясына еніп кетуден сақтаныңыз. Негізі 20-30 жас аралығындағы адамдар бәрінің бірден бола салғанын қалайды. Алайда оның құрығына ілінбегеніңіз жөн. Өйткені қанағат ету және ақшаны үнемдеу байлыққа жетелейді.

“The Qazaq Times”