Солтүстік Кореяның БҰҰ-дағы елшісі КХДР АҚШ-тың әскери кампаниясына қатыспаған мемлекеттерге қарсы ядролық қару қолдану қаупін төндірмейтінін жариялады. Ресми өкіл БҰҰ-дағы мәлімдемесінде Корей жартытүбегіндегі жағдай ушығып, ядролық қару соғысы басталу алдында тұрғанын айтып, болған жайтқа Американы кінәлады. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
"Америка Солтүстік Кореяға қауіп төндіргенін доғарып, өзінің "жаугершілік саясатын" тоқтатпайынша, біз ядролық қаруымызды келіссөздер үстеліне қоймаймыз", - деді ол.
Осыдан бұрын Ким Жоң Ун мен Дональд Трамп арасында болған "сөз соғысы" кезінде АҚШ Президенті Солтүстік Кореяны толықтай жойып жіберуге уәде еткен еді. Дегенмен өткен аптада журналистерге сұхбат берген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Дональд Трамп соғысты қаламайтынын жеткізді.
Солтүстік Кореяның БҰҰ-дағы өкілі өз сөзінде АҚШ-қа ескерту жасап өтті: "Америка орналасқан құрлық бізден алшақ орналасқанымен, егер де АҚШ әскерінің табаны біздің қасиетті жерімізге тиетін болса, "соғыс ашқан мемлекетті" (Америка мағынасында) жер шарының кез келген бөлігінен тауып аламыз".

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес