АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Дональд Трамптың Солтүстік Кореяға қатысты пікірі мен Американың сыртқы саясатындағы дипломатияның рөлі туралы ойын білдірді. Ол өзінің дипломатиялық әрекеттері  бірінші бомба тасталғанша жалғаса беретінін хабарлады. Бұл туралы CNN ақпараттық агенттігі жазды. 

Американың мемлекеттік хатшысы өз сөзінде Дональд Трамптың твиттер парақшасындағы дипломатиялық келіссөздерден пайда жоқтығы туралы жазбаларына қарамастан, ол соғыстың болғанын қаламайтынын жеткізді. "Президент дипломатияны жөн көретінін маған жеке хабарлады. Ол соғысты қаламайды", - деді ол.

Осыдан бұрын Рекс Тиллерсон Пиоңяңда байланыстары бар екенін, Солтүстік Корея мен АҚШ арасында келіссөздер басталуына қол жеткзетінін айтқан болатын. Мемлекеттік хатшы мәлімдемесінің артынша Дональд Трамп твиттер парақшасына: "Тиллерсон КХДР-мен келісемін деп, өзінің күшін босқа сарп етіп жүр", - деп жазып еді.

“The Qazaq Times”