Ресей Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысын қаржыландырып отыр – деп жазды ұлыбританиялық «The Times» газеті.
Басылым мәліметінше, Ресей Өзбекстан арқылы Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысына тегін мұнай жеткізіп беріп отыр. Ал «Талибан» қозғалысы өз кезегінде бұл мұнайды сату арқылы айына 2,5 миллион доллар көлемінде пайда табуда. Мақала авторының сөзінше, Мәскеу осындай қадамдарға бару арқылы екі мақсатты көздеп отыр. Олардың бірі - Ауғанстан аймағында күш алып келе жатқан «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымына қарсы «Талибан» қозғалысын айдап салу. Ал екеншісі - ауған жеріндегі НАТО әскери опперацияларына кедергі келтіру.
Мақала «The Times» газетінде жарық көре салысымен РФ Сыртқы істер министрлігі аталмыш жағдайға байланысты бірден қарсы мәлімдеме жасаған. Ресей СІМ таратқан ақпарат бойынша, ұлыбританиялық «The Times» басылымы жариялаған мақала толықтай жалған материалдар негізінде құрылған. Бұның барлығы Ауғанстандағы НАТО әскерінің сәтсіздіктерін жасыру және халық назарын өзге дүниеге аудару.
Естеріңізге салайық, бұған дейін наурыз айында НАТО-ның Еуропадағы біріккен күштер басшысы Керти Скапаротти: «Ресей жасырын түрде «Талибан» қозғалысын қолдап отыруы мүмкін» - деп мәлімдеген болатын.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?