Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Анкарамен қарым-қатынасын үзіп алу тәуекеліне барып отырғанын айтты. Ол Америкамен арада туындаған визаға байланысты келіспеушіліктерге АҚШ-тың Анкарадағы консулдығы қызметкерін кіналады. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Режеп Тайып Ердоған: "Америка өзінің НАТО-дағы Түркия сияқты әріптесімен қарым-қатынасын бір дипломатқа бола үзіп алғаны дұрыс болмады", - деген пікір білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бұрын Түркия АҚШ-тың Анкарадағы консулдығының тегі түрік қызметкерін Фетхуллах Гюленмен байланысы бар деген айыппен тұтқындаған болатын. Америка бұған жауап ретінде Түркия азаматтарына иммиграциялық емес визаларды беруді тоқтатты. Түркия дәл осындай қадаммен жауап қатты.
АҚШ өзінің елшісі толықтай Американың тапсырмаларын ғана орындағанын алға тартып, оның айыпты екендігіне сенбейді. Осыдан бұрын АҚШ-тың Ауғанстандағы елшісі болып тағайындалған дипломат осы аптаның соңында Түркиядан кетуі керек.
Режеп Тайып Ердоған өзінің жоғарыда берілген мәлімдемесіне: "Алпауыт Америка бір елшінің алдында құрдай жорғалады" деген кекесін білдірді. Сондай-ақ мемлекет басшысы Түркияның полиция қызметкерлері бұдан былай АҚШ өндірген тапаншаларды қолданбайтынын жеткізді.
Түркия Дональд Трамп тұсында Америкамен қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтеріледі деп күткенімен, АҚШ-тың Сүриядағы күрд топтарына қолдау білдіруі мен Фетхуллах Гюленді экстрадициялаудан бас тартуы НАТО-лық әріптесінің көңілін қалдырды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді