Дональд Трамп NBS ақпараттық агенттігімен туындаған даудан кейін, Америкадағы бұқаралық ақпарат құралдарына лицензияларды беруді қайта қарастыруды ұсынды. Бұл туралы ВВС тілшілері жазды.
NBS ақпараттық агенттігі АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Дональд Трампты "ақымақ" деп атағаны туралы таратқан ақпараты үшін осыдан бұрын Ақ үйдің қырына іліккен еді. Екі тараптың қарым-қатынасын қиындата түскен жағдай NBS-тің "Дональд Трамп АҚШ-тың ядролық қару арсеналын он есе арттыратынын мәлімдеді" деген материалынан кейін болды.
Дональд Трамп бұл жаңалықты "толықтай жалған" деп теріске шығарды. Ол қару арсеналын арттыру туралы ұсынысында оны қазіргі қуатын он еселеу туралы емес, жақсы күйде сақтау жөнінде ой білдіргенін айтты. Сондай-ақ АҚШ Президенті: "БАҚ өкілдерінің ойына келген дүниесін жаза беретіні қынжылтады. Ол материалды журналистерге сенім артатын қаншама адам оқиды ғой", - деген пікір қосты.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?