АҚШ Солтүстік Корея шекарасына екі бірдей стратегиялық бомбылаушы ұшағын жіберді - деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.
Пентагонның В-1В Lancer бомбылаушы ұшақтары Солтүстік Корея шекарасы маңына Оңтүстік Корея әскерімен бірлесіп өтетін әскери оқу-жаттығу жұмыстарына қатысу үшін жіберілген. Оқу-жаттығу аумағына В-1В Lancer ұшақтары АҚШ-тың Гуам аралындағы әскери базасынан оңтүстік кореялық F-15K бомбылаушы ұшақтарымен бірге барған.
Reuters агенттігінің мәліметінше, В-1В Lancer ұшағы Оңтүстік Корея әуе күштерімен бірлесіп КХДР шекарасы маңында жердегі нысандардың көзін жоюға арналған оқу-жаттығу жұмыстарына қатысқан. Осыдан кейін АҚШ ұшақтары Оңтүстік Корея арқылы Сары теңіз аймағына өтіп, Жапония әскерімен бірлескен оқу-жаттығу жұмыстарын өткізген.
Бұдан бөлек қазан айының басында Уашингтонның Корей түбегіне кезекті ұшақ тасмалдағыш кемесін жібергендігі белгілі болған. АҚШ әскери теңіз күштерінің (USS) Ronald Reagan ұшақ тасмалдағыш кемесі Корей түбегіне қазан айының 15-сі мен 20-сы күндері аралығында барады деп күтілуде.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?