Испанияның Конституциялық соты Каталония парламентінің келесі аптада болатын тәуелсіздік туралы жиналысын тоқтатуға бұйрық берді. Конституциялық сот бұйрығы Испания партияларының біржақты тәуелсіздік жариялау ісін тоқтату арыз-шағымдарына байланысты түсірілген. Онда алдағы дүйсенбі күні Барселонада өтетін Каталония парламентінің кездесуін тоқтатуға пәрмен берген. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлап отыр.
Каталония автономиясының президенті Карлес Пуджемонт дүйсенбідегі кездесуде референдумның қорытындысын жариялауды жоспарлап отыр. Бірақ, Испания Конституциялық соты Каталония Парламент жиынының заңсыздығын тексеруден өткізген. Испания тұтастығына бұл жиналысты тоқтату бұйрығы берілді.
Осыған дейін Каталонияның жергілікті көшбасшылары мен тәуелсіз заң шығарушылары Конституциялық соттың бұйрығын бұзып, өткен жексенбіде тәуелсіздік туралы референдум өткізген. Жағдайдың даму барысына қарағанда, аталған сот шешімі тағы да бұзылуы мүмкін деп қарайды сарапшылар. Себебі, Каталония жергілікті басшылары Конституциялық соттың да саяси мекеме екенін алға тартуда.
Қазір тараптардың келіспеушілігінен қандай шиеленіс пен қақтығыстардың болатынын болжап айту қиын.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап