Құрама Штаттың ресми өкілдері «Ашық кеңістік шарты» бойынша Гавайи аралдарының кеңістігінен шетелдік ұшақтарының ұшуына тыйым салуға дайындалып отыр. Бұл қадамы Ресейдің әскери құпиялықтарды жасырғанына берген жауабы болып саналады. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлайды.
«Ашық кеңістік шарты» 34 мемлекет қол қойған, бір-бірінің ашық кеңістіктерінде қарусыз шарлау жүргізіп, әскери қадамдар мен қару жарақтарды бақылауға мүмкіндік беретін халықаралық шарт болып табылады.
Соңғы кездері Ресей Балтық теңізіндегі Калининград кеңістігінде аталған шарт бойынша барлау жүргізуге шектеу қойған. Бұған АҚШ тарабы Гавайи аралдарының кеңістігіне кіруге шектеу қою арқылы жауап берді. Аталған кеңістікте әр реткі ұшу аралығы 900 шақырымнан аспауы керек деген белгілеме шығарған. АҚШ жақ Ресейдің тыйым салып отырған аймақтарында жасырын әскери қимылдар жасап отыр немесе маңызды қару-жарақтар жасырған болуы мүмкін деп күмәнданады.
Қазіргі кезде «Ашық кеңістік шарты» бойынша Грузиядағы Робинс әуе қорғанысы базасына және Оңтүстік Дакотадағы Эллворт әуе күштерінің базасына шарлау жасау шектелген. Бұл екі база ұшқыштар мен экипаждар екі рейс арасында демалуға және жанар зат толықтыруға пайдаланды. АҚШ өкілдері осы жаңа шараларды Венада өткен «Ашық кеңістік шарты» бойынша Консультативтік комитеттің отырысында жариялады.
Сәрсенбі күні Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков АҚШ-тың бұл қадамдарын сынға алды. Әрі Уашингтонның бұл қадамдары ынтымақтастыққа бағытталған қадам емес екенін айтты. Бұған Ресей жақтың жауап қайтаратынын, алайда қандай шараларды қосымша жолға қоятыны туралы мәлімет бермеген. Ресейлік ресми өкілдің пікірінше, Мәскеу тарабы Сібір әуе қорғанысы күштері базасын пайдалануға шектеу қоюы мүмкін екен. Бұл ұшақтардың Ресейдің Қиыр Шығыстағы әуе кеңістігіне кіруіне шектеу қою дегенді білдіреді екен.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер