АҚШ пен Ресей ғарыш зерттеу агенттіктері екі ел арасындағы саяси шиеленістерге қарамастан ғарыш зерттеу саласында келісімге қол жеткізді. Ресейдің Ұлттық аэроғарыштық корпорациясы осыдан бір күн бұрын хабарлама жариялап, АҚШ Авиация және ғарыш басқармасымен (NASA) Айдың айналасында халықаралық ғарыш станциясын салу жөнінде ынтымақтастық орнатқанын мәлімдеді. Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты жазып отыр.
NASA наурыз айында Айға жақын ғарыштық аялдама салуды ұсынған болатын. Бұл адамдардың ғарышқа қадам басу ұзақ мерзімді жоспарының бір бөл3гі деуге болады. Бір күн бұрын Аeстралияның Аделаида қаласында өткен Халықаралық ғарыштық конференция барысында, Ресейдің Ұлттық аэроғарыштық компания басшысы Игорь Комаров журналистерге Ресей мен АҚШ ғарыш зерттеу ұйымдарының аталған жобада келісім жасасқанын мәлімдеді. Оның айтуынша бағдарламаға өзге елдерде қатыса алады.
Ресей ғарыш агенттіктерінің мәлімдемесіне сәйкес, Айға жақын ғарыш станциясы жердегі қазіргі Халықаралық ғарышқа ұшу станцияларының үлгісінде жасалады. Станция құрылысы 2025 жылға қарай басталады делінген. Жоба бойынша алдымен Айға жақын кеңістікте қазіргі тәжірибеге негізделген станция құрлысы 2024-2026 жылдары арасында басталуы мүмкін. Екінші, кезеңде осы ғарыш станциясы арқылы Марсқа әлем кемелері ұшырылатын болады.
Қазіргі кездегі АҚШ-Ресей арасындағы саяси жағдайдың шиеленісіне қарамастан, екі ел ортасында ғарыш станциясының айналасында және «халықаралық техникалық стандарттар» бойынша басқа да іс-әрекеттер жасау үшін ынтымақтастықтар дамиды. Қазірдің өзінде тараптар болашақ Ай ғарыштық станцияларына қондырғылар орнату стандарттары туралы келісімге келді. Ал, алдағы уақытта екі тарап Айдың орбитасында және айдың бетінде ғылыми және технологиялық қызметті ұйымдастыру жүйесін құру бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырмақ.