Биыл Қырғызстан билігі Қазақстан көмірінен соңғы 450 мың тоннаны сатып алып, келесі жылдан бастап импортты толық тоқтатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің ұлттық энергетика холдингінің басшысы Айбек Қалиев үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg.
Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Сапар Искаков жиналыс кезінде "Мемлекет неліктен Қазақстаннан әлі де көмір сатып алып отырғанын және Бішкек жылу электр станциясы жергілікті көмірді қашан пайдалана бастайтынын" сұраған.
Бұған Ұлттық энергетика холдингінің басшысы жыл сайын қазақстандық көмірді сатып алу қысқарып келе жатқанын айтқан. Оның сөзінше, биыл импортталған көмір көлемі екі есеге, 400 мың тоннаға дейін азайған (былтырғы көрсеткіш 700 мың тонна болған). Бұдан бөлек қырғызстандықтар жоғары калориялы қазақстандық "Д" маркалы көмірдің орнына балама ретінде "Б" маркалы көмірді эксперименттен өткізіп жатыр.
"Келесі жылы біз көмір бағасы бойынша дайындық жүргізуіміз керек. Біз Еуразиялық экономикалық одаққа шығамыз, ал мұнда бәсекелестік деңгейі жоғары. Егер қазір біз тендерге қатысты өтініште "Б" маркалы көмір керек десек, келесі жылы да тек осы марканы көрсете аламыз", - деді ол.
Сондай-ақ, қырғыз премьері мемлекет көмірдің ішкі нарығын сақтап, кейін ұтылып қалмас үшін көмір саясатын жүргізу керек екенін атап өтті.
"Бізде осы мәселеге қатысты стратегия болуы тиіс. Сондықтан Айбек Қалиевке осы бойынша нақты ұсыныс айтуды тапсырамын", - деді ол.
Айта кетейік, Қырғызстанда жылу маусымы кезінде жылу электр станцияларына миллион тоннадан артық көмір жұмсалады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі