Ресей президенті Владимир Путин кеше ресми сапармен Анкараға барып, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қабылдауында болды. Екі ел басшыларының бұл кездесуі туралы осыдан екі апта бұрын белгілі болған еді. Кезекті кездесу барысында екі ел арасындағы маңызды тақырыптар талқыланды, деп хабарлады «Түрік теле-радио» қызметінің ресми сайты.
Путинның Түркияға сапары барысындағы ең басты тақырып, Ресей, Түркия және Иран арасында Сүрия мәселесін талқылау. Үш ел бірлесе отырып, Сүрияның қақтығыссыз аймақтарындағы жағдайларды ретке салуды қолға алатыны белгілі болды. Мұндағы маңызды мәселенің бірі Алепподан қашқан азаматтардың көбірек жиналған Идлиб жағдайы болып отыр.
Кездесу күн тәртібінде Ирак күрдтерінің референдум ісі де сөз етілді. Күрдістан автономиясының тәуелсіздігіне Ресей де қарсылық білдірді. Ердоған мен Путин бір ауыздан Күрдістанның тәуелсіздікке жетуі өңірдегі «Ислам мемлекеті» ұйымынан кейінгі екінші соғыс тудырушы болады деп қарады.
Түрік елінің ақпараттық құралдары хабарлауынша, Путин пен Ердоғанның кездесуінде бұл айтылғандардан өзге, S-400 қорғаныс жүйесін сату-сатып алу ісі және Ресей газын Түркия арқылы Еуропа елдеріне өткізу мәселелері, сондай-ақ Аккую Атом электр станциясы құрлысы қатарлы істер де отырыстың өзекті тақырыбында болған.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес