Малайзия өз азаматтарының Солтүстік Кореяға баруына шектеу қойды. Бұл туралы Малайзияның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бейсенбіде мәлімдеме жасады. Әрі бұл Малайзияның КХДР-ға сапар жасауға алғаш тыйым салуы екенін айтты. Аталған хабарлама жайында «The Wall Street Journal» басылымы жазды.
Малайзия Сыртқы істер министрлігі бұл шешімнің Корей түбегіндегі шиеленістің артуына және Солтүстік Кореяның зымыран сынақтарын тоқтатпауына байланысты жасалып отырғанын жеткізді. Дегенмен, мәлімдемеде Корей түбегіндегі жағдайда оңды өзгерістер болып, шиеленістер шешім тауып жатқан жағдайда, малайзиялықтардың Солтүстік Кореяға саяхаты қалпына келтіретіндігін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Малайзияның Куала-Лампур әуежайында Солтүстік Кореяның ең жоғары басшысы Ким Жоң Унның (Kim Jong Un) ағасы Ким Жоң Нам қастандықпен өлтірілген болатын. Осы оқиғаға байланысты екі ел арасындағы дипломатияға кірбеңдік түскен еді. Малайзия мен Солтүстік Корея келісімге қол жеткізгенге дейін, Ким Жоң Намның мүрдесі Солтүстік Кореяға қайтарылмаған болатын.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?