«Анадолы» ақпараттық агенттінің 22 қыркүйектегі хабарына қарағанда, Түркия үкіметінің жоспарлап отырған, Түркия мен Сүрияның шекарасына қорған тұрғызу ісі қыркүйектің соңында аяқтады. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.
Түркия жақтың берген мәліметіне қарағанда шекара қорғанының ұзындығы 828 шақырымды құрайды. Осыған дейін 731 шақырымының құрлысы аяқталған. Қалған 97 км қабырға қыркүйек айының соңында аяқталады деп күтілуде. Қорған қабырғасының биіктігі 3 метр. Құрама бетонның салмағы 7 тонна, әрі мониторингтік жабдықпен жабдықталған.
Түркияның Сүриямен шектесетін оңтүстік және оңтүстік шығыс шекарасының жалпы ұзындығы 900 шақырымнан асады. 2011 жылы Сүрияда азаматтық соғыс басталғаннан кейін, Түркияға баспана сұрап, 3 млн сүриялық шекарадан өткен. Түрік үкіметі шекаралық бақылауды күшейту үшін 2015 жылдан бастап қабырғаларды тұрғызу құрлысын қолға алған. Бұдан тыс Түркия тамыз айынан бастап, Түркия-Иран шекарасына 144 шақырымға созылған қорған тұрғызуды да бастап кеткен.
Естеріңізге сала кетейік, Трамп АҚШ президенті болып сайланғаннан кейін, Құрма Штатқа кіретін заңсыз мигранттардың жолын тосу үшін, АҚШ пен Мексика шекарасына қорған тұрғызбақ болған. Алғашында қарсылыққа ұшыраған бұл жоба, Мексика үкіметінің де наразылығын тудырған еді. Алайда, Трамптың дегені болып, АҚШ-Мексика шекара қорған құрлысы басталып кеткен.