АҚШ президенті Доналд Трамптың өткен аптада әлемдік басылымдарға берген сұхбаты дүние елдерінің басшыларын алаңдатты. Ол The Wall Street Journal, The Times және Bild сынды әлемдік беделді басылымдарға берген сұхбатында жеке-жеке, «НАТО-ның уақыты өтті», «Үлкен Қытай» саясатын қайта талқылау керек» және «Германияның босқындарды қабылдауы «ауыр апатпен» бірдей» деген пікірлер айтқан. Бұл аталған елдердің билігіне алаңдаушылық туғызып отыр.  Бұл туралы The New York Times басылымында көлемді мақала жарияланған еді.

Bild басылымында Трамп: «НАТО-ның уақыты әлде қашан өтіп кеткен. Менше оның екі түрлі негізі бар. Біріншіден, бұл ұйым құрамына өте көп мемлекеттерді қамтып алды. Екіншіден, құрылу мерзімі ұзақ», - деген пікір білдірген болатын. Құрылу мақсатының қандай болуына қарамастан, көптеген адамдар НАТО тек АҚШ қауіпсіздігі үшін құрылған ұйым деп қарайтыны шындық. Алайда, НАТО-ның Батыс елдерінің бейбітшілік-келісімді сақтаудағы рөлі айтақалсын көрнекті. Еуропа мен Америка арасында көпір болып тұрған маңызды халықаралық ұйым екеніне де көз жұмуға келмейді.

Дүйсенбі күні Литва президенті Далия Грибаусгайте Трамп сөзіне қарсы өз пікірін білдірді: «Литва, 1991 жылы Кеңес Одағынан бөлініп, 2004 жылы НАТО ұйымына мүше болды. Екінші дүние соғысынан кейін Американың болуы Еуропа құрлығын жаңартып құру, бейбітшілікті қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің алғы шарты болып келді. Трампты Американың НАТО-дағы міндеттерін жалғасты атқаруға шақырамын. Трамп НАТО-дағы көшбасшылық қызметін мойнына алып, бейбітшілік, тұрақтылық пен келісімді сақтауы тиіс», - дегенді айтты.

Еуропаның бірлігі - Трампқа жауабымыз 

Трамп сондай-ақ, Еуропалық одақты да «негізінен неміс тасымалдаушысы» деп сынға алды. Ол Ұлыбританияың ЕО-дан бас тартуын дұрыс бағалады. Ол өзге де мүше елдердің кететініне сенімді екенін жасырмады. Оның ойынша мұндай бірлестік көптеген адамдардың ойлағанындай тым оңай бола бермейді екен.

Біз еуропалықтардың тағдыры өзіміздің қолымызда деп қараймын. Мен кесіп айта аламын – біз барлық жағдайда бірге боламыз” – бұл Германия канцлері Ангела Маркелдің сөзі болатын.

Франция екіұдай күйде

Франция көшбасшы партиялары да Құрама Штаттар президентінің сөзіне қарсылығын білдірді. Қазіргі кезде Францияда ЕО-ға және босқындарға қарсы Ұлттық майдан (National Front) партиясына халықтың қолдауы күн санап артып барады. Бірақ, аталған партия төрағасы Марин Ле Пен өткен аптада Ню-Йорктегі (Нью-Йорк) «Трамп ғимаратынан» бой көрсетті. Ал, Франция сыртқы істер министрі Жан Марк Эйраулт болса «Еуропаның бірлігі ең жақсы талғам болып саналады. Және бұл Ұлыбритания ЕО-дан бас тартқан күнде де керекті талғам. Еуропаны қорғаудың ең жақсы амалы бірлікті сақтау. Бұл біздің Трамптың жарсалуына берген жауабымыз . Одақты сақтау үшін ең басты есте ұстайтынымыз – еуропалықтардың күші бірлікте екендігі», - деген бірлікке шақырған үндеуін жариялады.

Қытай өре тұра жаздап отыр

The Wall Street Journal басылымындағы сұхбатының арасында Трамп: «Үлкен Қытай» саясаты қайта талқыға салынатын болады», - деген сөзіне Бейжің едел-жедел ескерту жасады. Олар Бейжің тарабы ғана Қытай-АҚШ қарым-қатынасындағы келісуші тарап, Бейжіңнен басқа әрқандай орнынның келісімі тұтас қытай еліне окілдік ете алмайтынын қатаң ескертті. Қытай СІМ хабарлама жариялап: « Бір Қытай» саясаты қайта талқыға салынбайды. Трамптың бұл пікірі 40 жылдан бергі АҚШ-Қытай қарым-қатынасына сызат салу болып саналыды», - деді. Қытай КП-ның газеті «Ren min ri bao» (Халық газеті) басылымында «Трамп бұл мәселеде өзінің біліміннің таяздығын танытып отыр. Бұл пікірі оның саясаттағы уылжыған жастығын көрсетіп тұр» деген баға да берілді. Ал, осы аптаның дүйсенбісінде қытай үкіметінің ресми газеті "Zhong guo ri bao" басылымында редакция тарапынан «Трамп Тайуан (Тайвань) ісінде отпен ойнап отыр» деген тақырыпта тұжырымдамалық мақала жарияланды. Мақалада: «Егер Трамп жедел қызыметке кіріскеннен кейін мұндай жаһилдікке басса, оның соңғы зардабы қалайда ауыр болады, бұл өзара арандату әрекеті. Себебі, Бейжіңде басқа талғам қалмайды. Сондықтан қатаң шара қолданады», - делінді.

Міне бұлар әлем елдері басшыларының Доналд Трамптың пікірлеріне қарсы айтып жатқан уәждері. Бұған компрамат ісі туралы АҚШ-Ресей арасындағы кикілжіңдерді қосқанда Трамптың Құрама Штаттардың президенттігіне келуі әлемді аз дүбірге салмағаны белгілі болып тұр.

Естай БОЖАН

"The Qazaq Times"