Бүгін қыркүйектің 21-і күні атышулы бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов бостандыққа шықты.
Серік Ахметов Қарағанды облысына қарасты Қарабас ауылындағы АК 159/18 түрмесінен бүгін таңертең бостандыққа шыққан. Ол колония алдында күтіп тұрған журналистерге: «Мен әзірге ешқандай жоспар құрған жоқпын. Болашақта немен айналысатынымды уақыт көрсетеді. Ал қазір мен үйіме барамын» - деген.
Естеріңізге салайық, сот Серік Ахметовты аса ірі көлемде пара алу, аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру, қызметін асыра пайдалану және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу айыптары бойынша кінәлі деп танып, он жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ кейінен Ахметов ел бюджетіне 2,2 миллиард теңге қаржыны қайтарып бергеннен кейін, сот оның жазасын он жылдан сегіз жылға қысқартқан. Ал осы жылдың қаңтар айында Серік Ахметовтың амнистияға ілінгендігі жайында ақпарат тараған еді.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?