"Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ мен Түркия кәсіпкерлері арасында жалпы сомасы 590 миллион АҚШ доллар болатын инвестициялық құжаттарға қол қойылды. Келісімдер мен меморандумдар Calik Holding, Yildirim Holding, Yildizlar SSS Holding, Agrobest Group және басқа ірі түрік холдингтерімен жасалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Келісім бойынша Қазақстанның әр-түрлі өңірлерінде құрылыс материалдарын, машина жасау, химия өнеркәсібі, тау-металлургиялық сектор, энергетика өнімдерін өндіру жобаларын іске асыру жоспарланған.
Компанияның мәліметінше, соңғы бес жылда түрік инвесторларымен 667,5 млн АҚШ доллары сомасына 18 жоба іске асырылған. Алдағы уақытта жаңа 10 жобаны іске асыру жоспарланған.
Қазіргі кезде қазақ-түрік арасындағы инвестициялық бастамалардың жалпы пакетінде құны 2,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 70 жоба бар, олардың ішінде 31 жоба іске асырылды, және шамамен 40 жоба перспективалы және іске асырылуы мүмкін.
"Түркиядан Қазақстанға 2005 жылдан бастап 2017 жылдың 1 тоқсанына дейін келген тікелей шетелдік инвестиция -$ 2,1 млрд құрады. 2017 жылдың 6 айының қорытындылары бойынша сыртқы сауда айналымы - 925,1 млн доллар(2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу 36,1%-ды құрады). 2017 ж. 1 шілдесіне Қазақстанда түркиялық 4114 заңды тұлға тіркелді, олардың ішінде 1831 жұмыс істейді".