БҰҰ-ның айтуынша, Оңтүстік Судандағы қарулы қақтығыстардан бас сауғалап, көршілес Угандаға ағылған халықтың саны миллионнан асқан. Бұл туралы "Әл-Жазира" ақпараттық агенттігі жазды.
Сарапшылар "Миллионнан астам халықтың үдере көшіп, көрші мемлекеттен пана іздеуі 1994 жылы Руандада геноцид болғаннан кейін, араға 20 жылдан астам уақыт салып, қайталанып отырған Африкадағы ең ірі босқындар дағдарысы", - дейді.
Оңтүстік Суданда 2013 жылдан бері ел Президенті Салва Киирге адал күштер мен бұрынғы премьер-министр Рик Мачардың қол астындағы әскерлер арасында қанды қақтығыс жалғасын тауып келеді. Салдарынан мыңдаған азамат қаза тауып, халықтың үштен бір бөлігі қоныс аударған.


















Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?