Барак Обама АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен Америкадағы босқын жастардың DACA бағдарламасын жабу туралы шешімге қарсылық білдірді. Бұл туралы BBC ақпараттық агенттігі жазды.
Барак Обаманың бастамасымен 2012 жылы 15 маусымда құрылған бағдарлама (Deferred Action for Childhood Arrivals немесе DACA) Америкаға бала кезінде келген заңсыз иммигрант жастарды 2 жыл бойы депортациялаудан қорғап, жұмыс істеуге рұқсат алуға көмектеседі. Бұл мемлекеттік емес орган қазірдің өзінде бейресми "Арманшылдар" (Dreamers) атанған 600 мың иммигрант жасты қамқорлығына алып отыр.
Дональд Трамптың айтуы бойынша, шешім қабылданғаннан кейін 6 айдың ішінде иммигрант жастарға ешкім тиіспейді. Ал бағдарламаға өтінім бергендердің құжаттары осы кезден бастап мүлде қабылданбайды.
Конгресттің бірлескен отырысында DACA бағдарламасын заңдастыру бойынша талқылаулар өтеді. АҚШ Президенті Америкада жұмыс істеп жүрген иммигрант жастарды қалдыруға бар күшін салатынын жеткізді. Егер Демократтар мен Республикалықтар ортақ шешімге келе алмаса, Дональд Трамп мәселені қайта қарастырмақ.
Барак Обама аталған бағдарламаны тоқтату туралы шешімнің қате екенін айтып, келіспеушілігін білдірді.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?