Футболдан Сүрия ұлттық құрамасы 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына баруы мүмкін.
Кеше қыркүйектің 5-і күні Сүрия құрамасы Азия бойынша әлем чемпионатына іріктеу ойындары аясында А тобындағы соңғы кездесуін Иранға қарсы өткізді. Теһранға (Тегеран) қонаққа барған Сүрия футболшылары жан алысып, жан беріскен ойында ирандықтармен 2:2 есебімен тең ойнады. Бұл нәтиже сүриялықтардың әлем чемипонаты іріктеу кезеңінің төртінші айналымында бақ сынауына мүмкіндік береді. Егер олар төртінші кезеңде жеңіске жететін болса онда 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.
Айта кететін бір жайт, дәл осы А тобында Өзбекстан құрамасы да өнер көрсеткен болатын. Бірақ олар өзінің соңғы ойынында Оңтүстік Корея құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнап, 13 ұпаймен төртінші орынға табан тіреген. Өзбекстан құрамасы Сүрияға тек доп айырмашылығы бойынша ғана есе жіберіп қойған әйтпесе сүриялықтардың қоржынында да 13 ұпай.