АҚШ-Қытай қарым-қатынасы жаңа кезеңге аяқ басқалы тұр. Осыдан бұрынғы мақалаларымызда көрсеткеніміздей, Трамптың президенттігі Қытай мен АҚШ арасында жаңа қайшылықтар тудыруы мүмкін. Соның бірі қытай билігі үшін аса маңызды «Үлкен Қытай» саясаты.
АҚШ президенті Доналд Трамп өткен аптада “The Wall Street Journal” басылымына берген сұхбатында, «Үлкен Қытай» саясаты туралы өз көзқарасын білдірген болатын. «Бұл ұзақ мерзімді саясаттың болашағы тиянақты емес. Әрине, АҚШ халықарада Тайуанның (Тайвань) дербес ел екенін мойындамауға келіседі. Алайда, валюта бағамы мен сауда қарым-қатынасы, тағы басқада мәселелер бұл бір саясатқа бағына бермейді. Біз бұл туралы қайталай талқылауларр алып барамыз. Бұл талқы «Үлкен Қытай» саясатын да қамтиды», - деген болатын.
Трамптың бұл сөзі Қытай үкіметіне кері әсерін тигізері анық. Бұған қарсы Қытай Сыртқы істер министрлігі жеңіл айыптау білдірді. Олар: «Үлкен Қытай» саясаты қайта талқылауға салынбайды, Трамптың бұл сөзі АҚШ-Қытай қарым-қатынасының 40 жылдан бергі қалыптасқан үрдісін бұзу болып саналады», - деді. Қытай үкіметі ежелден Тайуан ісінде жіңішкелікпен қадағалаудан тайған емес. Тіпті олар «Үлкен Қытай» саясаты Қытай-АҚШ қатынасының табан тірер тиянағы дегенді қабылдатқысы келеді.
Қытай үкіметі мәлімдесесінде, Тайуан ісінінің аса байыптылықты қажет ететіндігін ескертті және бұл мәселе туралы тараптарды талқы кеңесіне шақырды. Бірақ, бұл талқы «Әлемде бір ғана қытай елі бар, Тайуан оның бір бөлегі» деген принцип астында болады деп ескертті.
Қазақстанға көрші алпауыттар мен әлемдік алпауыттар арасындағы теке-тірестерді, қайшылықтар мен селбестіктерді қадағалау, дамушы ел ретінде бізге аса қажетті деп санаймыз. Державалардың тіресінен кейде басқа елдер зардап шеккенімен, кей кезде пайдаға жаратуға болады. Ресей және Қытайдың экономикасы мен басқа да саласына бәсекелес болу үшін АҚШ жаңа президентінің назары Орта Азиядағы мемлекеттердің біріне түспей қоймады. Бұл сол елдің экономикасының, өзге салардың дамуына пайдалы орай жаратуы бек мүмкін.
"The Qazaq Times"