Харви боранынан зардап шегіп жатқан Хьюстоннан 30 шақырым қашықтыққа орналасқан “Arkema” атты химиялық заводта жарылыс болды деп хабарлайды BBC және The Wall Street Journal ақпарат көздері.
Харви боранының басталып бірнеше күннен кейін, “Arkema” компаниясы заводтың қауіпсіздігін сақтау жүйесінің керектен шыққанын хабарлаған еді. Компания өкілдері егер өрт шығып кеткен жағдайда оны сөндірудің аса қиынға соғатынын мәлімдеген болатын.
Боран басталған кезде, өткен жұма күні, компания өндірісті тоқтатқан еді. Нөсерден заводтың айналасын түгелдей су басып кеткен де, электр жабдықтары толықтай керектен шығып кеткен. Өндіріс орынының жауаптылары апатты жағдайдың алдын алуға еш амалдарының болмай отырғанын айтады.
Аймақтағы (2,4 шақырым аумақтағы) тұрғындар қауіпсіздік үшін басқа аймақтарға көшіп кеткен. Қатты дауыл қазірге дейін 33 адамның жанын жалмаған. Бұл АҚШ-та соңғы 13 жыл ішінде болмаған дүлей дауыл болып тіркелді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер