2017 жылы өз өмірін қалыпты деңгейде бағалайтын қазақстандықтардың үлесі 56,5%-ды құраған. Ал осыдан екі жыл бұрынғы көрсеткіш 61,2% деңгейінде болған.
Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, өз өміріне ризашылықпен қарайтын халықтың үлесі 41,7%-ды құрайды. Өміріне көңілі толмайтындардың үлесі - 1,6%. Ең қызығы ауылды жерлерде тұратын тұрғындар қалаларықтарға қарағанда өздерін әлдеқайда бақытты сезінеді екен. Олардың көрсеткіші - 63,5%, ал қалалықтардың үлесі осы көрсеткіштен 11,1%-ға төмен болып отыр.
Өздерін көбіне бақытты сезінетін қазақстандықтардың көпшілігі 15-17 жас (64,4%) және 18-28 жас (61,0%) аралығындағылар.
Мәләметке сенсек, тұрғындардың көпшілігі көбіне тұрғын үйге қатысты мәселелерді жиі айтқан. Мысалы респонденттердің 52,6%-ы тұрғын үй бағасының қымбат екенін айтса, 34,5%-ы қаражаттың жеткіліксіз екеніне, 29,4%-ы ипотекалық кредит мөлшерлемесінің жоғары болатынына тоқталған.
Ала әлеуметтік деңгей бойынша респонденттердің 52,1%-ы өздерінің жағдайын қанағаттанарлық деп есептейді. Ал 2,6%-ы жағдайын төмен деп көрсетсе, 0,3%-ы өздерінің әлеуметтік жағдайын жоғарғы дәрежеде бағалайды.
Сондай-ақ, пікір білдірушілердің 35,2%-ы өзіне не қажет, соның бәрін сатып ала алтындарын айтса, 31,4%-ы киім, тамақ сатып алуға қаражаттары жеткілікті болғанмен, техника сатып алу кезінде қаражаттан қысылатындарын мәлімдеген. 3,8%-ы тіпті тамақ сатып ала алмай қалатын кездері болатынын хабарлаған.
Болашақтағы жағдайға келер болсақ, 40,2% респондент өздерінің келешегін қалыпты болады деп есептейді. 37,7%-ы өмірлерінің жақсаратынына сенсе, 0,3%-ы өмір сүру мүлде қиын болады дейді.