Дәрі-дәрмекті сатып алу бойынша бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС 2017 жылғы эпидемиология маусымына тұмауға қарсы бір жарым миллиондай доза вакцина сатып алды. Бұл туралы дистрибьютордың баспасөз қызметі хабарлады.
Бірыңғай дистрибьютор басқарма төрағасы Максим Касаткиннің айтуынша, вакцинаның мұндай көлемін жеткізу шарты тендер қорытындылары бойынша 2016 жылдың қараша айында жасалып қойған. Халықтың неғұрлым осал тобына тегін вакцинация жасау үшін мемлекет 1,2 млрд теңгеден аса қаражат жұмсады.
«Сатып алуларды жүзеге асыру өткен жылдың күзінде басталған болатын, алайда жеткізу эпидмаусымның ең басына, яғни 2017 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Қазір осы мезгіл жетті және жақын арада өнім беруші бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына вакцинаны түсіру жұмыстарын бастайды», - деп түсіндірді Максим Касаткин.
Ол, сонымен қатар, егер қосымша қажеттіліктер туындаған жағдайда өнім беруші қазақстандықтар үшін тағы да жарты миллион дозаға дейін вакцина жеткізе алатынын хабарлады.
Айта кетейік, қазіргі кезде тұмау вирусынан халықты вакцинациялау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанмен, оны қолданушылар бұл медкөмекке тұтынуды азайтқан. Мұны Денсаулық сақтап министрлігі де айтқан болатын.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел