АҚШ Қорғаныс министрі Мэттис Украинаның Киев қаласында сапары барысында, Құрама Штаттар Украина үкіметіне қарасты күштерге әскери көмек көрсету туралы міндеттемесін жалғастыратынын айтты. Сонымен бірге, Кремльге қаратқан сөзінде, егер Ресей Украинаның шығысындағы жағдайды орнықтырмайтын болса, АҚШ санкцияларын қайтарып алмайтынын айтып өтті. Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты хабарлайды.
Мэттис бұл сапарында Трамп үкіметінің Украинаға қаратқан саясатын жеткізе келді. Әрі, АҚШ-Украина арасында әскери көмек берудің жаңа келісіміне қол жеткізетінін де мәлімдеді. Мэттис сөз арасында Ресей Украина шығысында оң шешім жасап қателігін танымаса, мемлекет шекарасын әскери күшпен өзгертті деп айыпталатынын айтып өтті.
Мэттистің мәлімдемесінен белгілі болғандай Құрама Штаттар жақында Украина үкіметіне 175 миллион долларлық әскери көмек бағдарламасын қабылдаған. 2015 жылдан бері АҚШ Украинаға бағыттаған әскери көмекті 750 млн АҚШ долларына дейін арттырды. Жемс Мэттистің сөзінен белгілі болғаны – Украинаны қорғаныс қаруын және әскери объектілер арқылы қолдауды жалғастырудан басқа, Құрама Штаттар қырғындағыш қаруларды да беру мүмкіндігін қарастыруда.
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр