Ондаған жылдардан бері АҚШ теңіз армиясы – Азия-Тынық мұхит өңіріндегі теңдессіз айбатымен әйгілі. Оңтүстік Кореядағы, Жапониядағы, Гуам аралдарындағы көптеген әскери базалары мен ондағы озық әрі қуатты әскери құрылғылары досқа да, дұшпанға да осы елмен қалжыңдасуға болмайтынын ескертіп тұрғандай еді.
Осы аптаның басында Сингапур теңіз алқабынан көрінген капитан Джон Маккейнның (John S. McCain) ісі адамдардың әлемді тіксіндірген АҚШ-тың айбарына күмәнін туындатты. Себебі, ел жасқанған АҚШ-тың екі кемесі теңізде соғылды. Ондаған әскер із-түзсіз кетті.
Ал, осыдан екі апта бұрын Маккейн мырза Mischief Reef-қа келген. Келгенде де Қытайдың әскери базасына тиеселі жер саналатын осы алқап қашықтығына барлай қарап, өзі осы сулы алаптың қожасы екенін ескерткендей болған. Аустралияның Жаңа Оңтүстік Уалес Университетінің даңқты профессоры, сол өңірдің қауіпсіздік істеріне жауапты маманы Карлейл Тайер (Carlyle Thayer): «Осы аймақта АҚШ-тың туы желбіресе жақсы-ақ еді, алайда оның жағдайы керісінше болды»-дейді. Дүйсенбіде кеме соғылысу оқиғасы туындап жатқанда, АҚШ-тың Тынық мұхиттағы сенімді серіктесі болған Аустралия елі сенерін де сенбесін де білмей қалды. Әсіресе экономикасы мен әскери қуаты күн санап көзге түсіп бара жатқан Қытайдан да тіксініп қалды. Барак Обаманың арманы да енді әскери күштің бағытын аталған өңірлерге бұру еді. Ал, президент Трамп артық қылам деп тыртық қылып алды ма?
Екі айдың алдында тағы да Fitzgerald атты кеме Жапонияға жақын жерден жүк кемесімен соғылған. Салдарынан 7 әскер көз жұмған. Ал, биылғы мамыр айында Lake Champlain атты барлау кемесі Оңтүстік Кореяның бір балықшылар кемесіне соғылған. Бұл жолы өлім-жітім болмаған. Жыл басында және де Antietam атты бір кеме жапон бұғазында қайрандап қалып, тонналаған майлар теңізге төгілген еді.
«Төрт төңірегін жау қоршаған Трамп үкіметінің қазіргі кезеңінде, саяси құрылымдағы босаңсу күллі АҚШ жұртын алаңдата бастады»-дейді Манила Деллса университетінің (De La Salle University) саясаткері Ричард Джавад Гейдар (Richard Javad Heydarian).
Арт-артынан туған оқыс оқиғалардың түпкі сырын ашуға армия аттанысқа келді. Бір жағынан Солтүстік Кореяның көрсеткен сесінен АҚШ теңіз армиясы абыржыған күйге өтті.
Осы істер жайында АҚШ-қа басты теке тірес әріптес іспетті Қытай жақ үнсіз қалмады. Осы айда соғылып, суға батқан кемелер қалдығын АҚШ-қа бермеуге тырысты. Сондай-ақ, осыншама көп оқиғаның бәрі де өзге ел территориясына баса көктеп кіруден болды деп айыптауда. Ал, ай мен күннің аманында кемелер соғылысып жатқанына Жапон елі де алаңдаулы. Олар әуелі айдарынан жел ескен АҚШ әскерінің қуатына күмән келтіре бастады. Бұл жөнінде жапонның «Маңызды жаңалықтар» газеті (Yomiuri Shimbun) жазған.
АҚШ теңізшілерінің алып мұхитта абайсыз жағдайға тап болуын Оңтүстік Корея жақ олардың ақ үйдегі саяси түзіліс әлсірей бастады дегенге жорып отыр.
Жазатайым жайсыз оқиға туардан бұрын да Трамп пен көмекшілері біраз ағаттықтар жіберген еді. Аустралияның премьер-министрі Малькольм Тернбулл (Malcolm Turnbull) мен телефонда айғайласып қалудың аз-ақ алдына барған Ақ үй басшысы сол мезетте Солтүстік Кореяны де тізгіндейтінін айтып, сес көрсеткен болатын.
Сингапурлік сарапшы Джозеф Чиньонг Лиу (Joseph Chinyong Liow) «Бұғаз газетінде»: «АҚШ тынышы кете бастаған ірі ел, Уашингтонның орнықсыздығынан АҚШ үкіметінің есі шыға бастады. Енді бұл ел әлемнің көшбасшысы бола алмайды»-деп баға берген. Ал, Қытайдағы «Халық газеті» (China Daily) аталған сәтсіздіктерден берекесі кете бастаған АҚШ-ты көре бастағанын жазды. Сондай-ақ, «Филиппин, Ветнам елдері АҚШ-тан ажырап, бізге жақындай түсті, сауда серіктес елдер Камбоджа мен Лаос та түстік теңіз істерінде бізге қарсы әңгіме айта алмайды. Тайландтың да, Жапонияның да сеніміне селкеу түсіріп, тіпті жасыл шардың астындағы елдердің көбі АҚШ-тың әлем көшін бастап келген қуатының әлсірей бастағаныа көз жеткізуде»,-дегенді айтады.
The New York Times басылымында бас мақала болған көлемді жазбаның айтары осындай. Қиырдағы теңізге келіп ондаған әскерінен айрылғаны және жыл басынан бері ешкімнің есіне келмеген жаңалықтар шығарған Трамп үкіметі не қаһары қайтқан ірі мемлекеттің күйін кешті деп асығыс баға беруге біздің қарауымызша әлі ерте сияқты.
Әділет Ахметұлы