Сүриядағы азамат соғысы аяқталды, деп мәлімдеді Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу «Армия-2017» әскери-техникалық форумында.
Форум аясында Ливан қорғаныс министрі Якуб Ас-Саррафпен кездескен Сергей Шойгу: «Сүрия аумағындағы азамат соғысының тоқтатылуы ел аумағындағы оппозиция өкілдеріне әскери көмек беру мен деэскалация аудандарын құрғанның нәтижесі. Сіздерде, біздерде жақсы түсінеміз террористердің бір елден, екінші елге өтіп жүруі ұзаққа бармауы тиіс. Бұны біздің батыстағы әріптестерімізде түсінсе екен дейміз. Олар оппозиция өкілдерінен бастап, террористерге дейін көмек көрсетулерін тоқтатуы керек» - деген.
Бұған дейін Сүрия басшысы Башар Асад елде өз билігінің сақталып қалуын Ресей мен Ирактың қолауының арқасында деген болатын. Ал АҚШ Сүрия аумағында «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының толықтай көзі жойылғаннан кейін елден өз әскерін шығаратынын айтқан еді.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап