Бір күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Ауғанстан саясатының жаңа бағытын жария етіп, АҚШ әскерін Ауғанстаннан шегіндірмей, керісінше әскердің санымен қуатын арттыратындығын жария еткен еді. Соған байланысты, АҚШ-тың тәуелсіз «The New York Times» басылымы Трамп саясатының қалай енгізілетіні туралы зертеу жасады.
Ең алдымен Трамптың стратегиясы әскер санын арттыруға бағытталады. Алайда, Ауғанстан үкіметі көптеген шарттарға дөп кеуі мүмкін. АҚШ Ауғанстан үкіметін террорлық күштерден және мемлекет қауіпсіздігін қорғап бергені үшін қарымжысына салмақты шарттарды қоятыны анық.
Пәкістан Қорғаныс күштері мен барлау органдарының берген мәліметіне қарағанда, АҚШ-тың жаңа саясаты бұл өңірдегі еларалық қарым-қатынастарға салқынын тигізеді екен.
Қазіргі кезде аталған басылымның Кабул филиалы Ауғанстандағы Талибанға қарсы тексеру зерттеу жұмыстарын бастап кеткен.
Президент Трамп бүгін Аризонаға сапарлай барды. Феникс қаласы болса Трамптың алғашқы қоғамдық іс-шараларына жақын орналасқан. Трамп сонда өзіне қарсы үлкен наразылық шараларына қарсы күшті дайындықтар жасайтыны анық. Осы айда Вирджиниядағы зорлық-зомбылыққа жауап бергені үшін Трамп америкалықтардың сынына оңбай қалып еді. Алда, Ауғанстан саясаты үшін халықаралық сын-пікірлердің де дауылы басталғалы тұр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді