АҚШ президенті қаңтар айынан бері алғаш рет «АҚШ-тың Ауғанстан мен Оңтүстік Азияға араласуы» бекімін телеарнада жария етуге дайын. Бұл туралы «The New York Times» басылымы жазды.
Трамп алда аталған аумақтағы әскер санын көбейтпек. Сондай-ақ, Обаманың Ауғанстан мен Оңтүстік Азиядағы саясатын сынға ала отырып, өзінің саяси беделін арттыруға тырысатын болады деп күтілуде.
АҚШ әскери лауазымдыларының берген мәліметіне сенер болсақ, Ауғанстан үкіметінің армиясы әлі де өз елін қорғауға қауқарсыз екен. Олар Трамппен сөйлесуден бірнеше сағат бұрын, Талибан күштері Ауғанстанның солтүстігіндегі аймақтың үкімет үйін басып алған.
АҚШ-тың Қорғаныс министрі Жеймс Маттис қазіргі кезде Иорданияда сапарда. Сондай-ақ, осы аптада АҚШ қорғаныс министрі Түркия мен Украинаға сапарлай баруды жоспарлап отыр.