Астанада алты бірдей компания "қаржы пирамидасын ұйымдастыруы мүмкін" деген күдікке ілініп отыр. Бұл туралы бас қаланың Прокуратурасы мәлімдеді.
Ведомство атап өткендей, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары "Единый выбор", "Фри Хоум" ("Free-DOM Service"), "Бест Вэй" (Best Way), "Свой квадрат", "EmpyReal Profit", и "Dream Life" сынды кооперативтерге қатысты басталған.
Қазіргі уақытта сот-экономикалық сараптамасы тағайындалып, айғақтар жинауға бағытталған тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, «Общий дом» компаниясының басшысы Юрера Мамедоваға қарсы қылмыстық іс сотқа жіберілген.
"Астана қаласының аумағында азаматтарға аздаған жарнамен кооперативке қатысуды және басқа қатысушылардың жарналары есебінен тұрғын үй алуды ұсынатын кооператив түріндегі ұйымдар бар. Осыған байланысты қолма-қол ақшаларынан айырылып қалмас үшін, астаналық тұрғындардан арзан тұрғын үй сатып алуға қатысты күмәнді мәмілелер жасалған жағдайда бейқам болмауын өтінеміз", - деп түсіндірді прокуратурадан.
Айта кетейік, бұдан бұрын Астана әкімдігі алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткеніне байланысты ескерту жасап, «Елорда даму» ЖШС жалға берілетін тұрғын үйді салу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатыспайтынын мәлімдеген.