Алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткендігіне байланысты Астана қаласы әкімдігі ескерту жасады. Әкімдіктің мәліметінше, «Елорда даму» ЖШС жалға берілетін тұрғын үйді салу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатыспайды және Астана қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырады.
«Елорда даму» ЖШС салынған объектілердегі тұрғын үй «Астана қаласының тұрғын үй басқармасы» ММ жасалынған шарттың негізінде бұзылушы апатты үйлердің меншік иелеріне ғана беріле алады, сонымен қатар Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 25/3 үй мекенжайы бойынша орналасқан кәсіпорынның сату бөлімінде тікелей алына алады.
"Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін Астана қаласының әкімдігінде кезекте тұрған азаматтарға «Елорда даму» ЖШС объектілерінен пәтерлер берілмейді", - делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?