АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс Венесуэладағы болған дағдарысты бейбіт жолмен шешу мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Латын Америка елдеріне арналған ресми сапары барысында Колумбия Президентімен болған кездесу барысында жеткізді.
Өткен аптада АҚШ Президенті Дональд Трамп Венесуэлаға қарсы енгізген бірқатар санкциялардан кейін және Америка әскери интервенция жасауы мүмкін деген хабарлама таратқан соң, осыған дейін Николас Мадуро Үкіметін қатаң сынап келген Колумбия, Мексика, Перу мемлекеттерінің билігі бұл ойға түбегейлі қарсылық білдірді. Кездесу кезінде де Колумбия Президенті Хуан Мануэль Сантос Майк Пенске әскери интервенция мәселесін тіпті талқылаудан бас тартатынын кесіп айтты.
Өз кезегінде Майк Пенс АҚШ-тың Венесуэладағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында жоспарлаған шаралары көп екенін, оларды жүзеге асыру үшін Латын Америкалық әріптес мемлекеттерден қолдау күтетінін жылы жеткізді. "Біздің жартышардағы халықтардың бостандығы шектелмеуі үшін, біз Венесуэлаға қарсы экономикалық қысым шараларын күшейтуді елдегі демократиялық қағидаттар қайта қалпына келтірілмейінше, жалғастыра береміз", - деді Пенс.