Владимир Путин Белоруссияны Ресейге қосып алғысы келеді - деді Михаил Саакашвили. Бұл жөнінде Ценор НЕТ ақпарат көзі Радые Рацыяға сілтеме жасап хабарлап отыр.
Михаил Саакашвили Радые Рацыяға берген сұхбатында: «Мен қазіргі уақытта Путин Белоруссияны Ресейге қосып алғысы келеді деп ойлаймын. Біз бұған жол бермеуіміз керек. Мен қашанда Белоруссияның тәуелсіздігін қорғаушысы болып келгенмін. Егерде Беларусь егемендігінен айырылатын болса, онда бізге басқа айтатын ешнәрсе қалмайды» - деген.
Саакашвилидің айтуынша, «Батыс-2017» әскери оқу-жаттығу жұмыстарынан кейін Ресей әскерінің бір бөлігі Белоруссия аумағында қалдырылмақ. Бұл әскери күш Украинаға қарсы немесе Белоруссияны басып алуға жұмсалуы мүмкін.
Естеріңізге салайық, Украина президенті Петр Порошенко Грузияның бұрынғы президенті, Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвилиді шілде айында Украина азаматтығынан шығарған болатын. Қазіргі таңда Саакашвилидің үстінен Грузияда қылмыстық іс қозғалған.