Ресей «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымынан да қауіпті - деді АҚШ сенаторы Джон Маккейн The Arizona Republic телеарнасына берген сұхбатында.
Маккейн The Arizona Republic арнасының эфирінде: «Ресей әлемге «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына қарағанда көбірек қауіп төндіреді. Өйткені олардың әскери қауаты өте күшті. «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы сияқты топтар әлем тыныштығына күнделікті қауіп төндіретіні белгілі. Бірақ олардың әскери мүмкіндіктері шектеулі. Ал Ресейде әскери күш бар. Ресей әлем тыныштығына дос емес» - деді.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Джон Маккейн Ресей Украина үшін жауап беруі тиіс мәлімдеме жасаған болатын.