Қазақстан Сыртқы істер министрлігі арнаулы мәлімдеме жасап, Солтүстік Кореяның 28 шілдедегі баллистикалық зымыран сынағын айыптады. Бұл туралы Қазақстан СІМ ресми сайтында жазылды.
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: «Қазақстан Республикасы 2017 жылдың 28 шілдесіндегі Корей Халықтық Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыранды ұшыруын үзілді-кесілді батыл айыптайды. Мұндай іс әрекеттер БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын өрескел бұзушылық болып табылады, бейбітшілікке қауіп төндіреді. Сонымен бірге, Шығыс Азия өңірлік және жаһандық ауқымдағы жағдайды ушықтырады», – деп жазылған.
Оған қоса мәлімдемеде КХДР-ның жауапсыз ядролық бағдарламаны дамыту саясаты әлемдік ядросыздану процесіне кері әсер етеді деп айыптаған. Әрі, КХДР және әлем халқының қауіпсіздігін ескере отырып, ядролық менмендіктен батыл түрде бас тартуға шақырған. Қалыптасқан шиеленісті Солтүстік Корея үкіметі белсенді түрде күшпен емес, келіссөздермен шешуге тырысуы керек деп санайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
















Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берген сәт
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы