Ресей қарулы күштері бас штабының төрағасы америкалық бомбалаушы ұшақтың Сүрияның бір аймағын бомбалауы барысында 20-дан астам қарапайым халықтың қаза болғанын хабарлады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Ресей қарулы күштері бас штабының төрағасы Валерий Герасимов: «Американың "B52" бомбалаушы ұшағы Сүрияның Идлиб облысына қарасты Сармаде аймағын бомбалап, бір топ әскери емес адамндың өлімі мен жаралануына себеп болды» деді.
Генерал Герасимов бомбалау әрекетінің қаңтар айының үші күні орын алғанын, бірақ америкалық басшылардың бұл туралы үнсіздік танытып отырғандарына сілтеме жасап: «Сүрияның Сармаде аймағының келісім орнатылған аймақ болғанына қарамастан, "B 52" бомбалаушы ұшағы ол жерді бомбалағанын айтты.
Соңғы 30 айда Америка мен одақтастарының ұшақтары белгіленген нысандарға 6500 рет шабуыл жасады. Олар Ресейдің әуе- ғарыш күшінің осы елдегі лаңкестердің нысандарына жасаған шабуылдарынан бірнеше есе кем.
Америка мен оның Сүриядағы одақтастарының әрекеттерінің салдарынан көптеген әскери емес азаматтар мен сүриялық күштер көз жұмды» деді.
Мейлі Америкасы болсын, Ресейі болсын қалай болғанда да бейуаз Сүрия халқын қырғындамауы керек еді.
Жоғары биліктің немесе әсіре бір бұзыншы топтардың арасындағы жаулықтың кесірінен қарапайым халық қырғындалып, қуғындалып босқын қамытын киіп жатыр.
"The Qazaq Times"


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау