АҚШ-тағы The Pew Research Center зерттеу орталығы Америка мұсылмандары арасында сауалнама жүргізді. Оларға деген қоғамның көзқарасы мен Дональд Трамп билігінің мұсылмандардың өміріне қалай әсер еткенін анықтау мақсатында "Дональд Трамп сізді уайымға салып, алаңдатушылық тудырады ма?" деген сауалға респонденттердің 68 пайызы "Ия" деп жауап берген.
Зерттеу орталығының есебі бойынша, қазір АҚШ-та 3,35 млн мұсылман тұрады. Мыңға жуық сауалнама қатысушыларының 48 пайызы өткен жылы өзінің діни сеніміне байланысты дискриминацияға ұшырап, кемсітушілік көргенін айтқан.
АҚШ-тың басшылыққа алып отырған саясатына көңілі толмайтынын жеткізген мұсылмандардың 74 пайызы Дональд Трамп американдықтарға дос көңілмен қарамайды деп есептейді.
Әрбір 5 респонденттің бірі үйінің ауласындағы қабырғалардан Исламға қарсы мазмұндағы жазбалар мен суреттер тапқан. Ал бір әйел қоғамдық көлікте үстін толық бүркемелейтін хиджаб кигені үшін "террорист" аталып, сол оқиғадан кейін жабық киімдерден бас тартқанын айтады.
АҚШ мұсылмандары жүргізілген зерттеу арқылы қоғамға терроризм мәселесі Исламға сенетін оларды, бұл діннен тыс өмір сүретін қарапайым америкалықтардан артық қорқытатын құбылыс екенін жеткізгісі келеді.