Қазақстан әскери кемелері Әзербайжан Республикасының Пута портына келіп кірді деп хабарлайды Haqqin.az басылымы.

Қазақстан Республикасының «Сарыарқа» және «Қазақстан» артиллериялық кемелері Әзербайжан әскери теңіз күшетінің базасы орналасқан Пута портына саланатты түрде кірді.

Қазақстандық қос кеме Әзербайжан аумағында «АрМИ-2017» әскери ойындары аясында өтетін «Теңіз кубогі-2017» байқауына қатысатын болады. Байқау тамыздың 1-11 күндері аралығында өтеді.

“The Qazaq Times”