Brent маркалы мұнайдың бағасы маусым айынан бері алғаш рет 50 доллардан жоғарылады.
Астана уақытымен 9:07-де қыркүйек айына арналған шикізат фьючерсінің баррелі 50,6 доллардан сатылған. Соңғы рет мұндай көрсеткіш 6 маусым күні тіркелген.
Мұнай бағасының көтерілуі Сауд Арабиясының энергетика министрі Халида аль-Фалеханың мемлекеттің мұнай экспортын азайтқаны туралы мәлімдемесімен байланысты. Ол корольдік тамыз айында экспортталатын шикізат көлемін тәулігіне 6,6 млн баррельге дейін азайтатынын айтқан.
Сондай-ақ, ОПЕК және оған мүше емес елдердің министрлік комитеті ұсынған мәліметтерге сенсек, мұнай көлемін қысқарту туралы келісім жарты жылда 98 пайызға орындалған. Тіпті комитет "егер мұнай нарығын тұрақты ұстауға қатысты іс-әрекеттер туындап жатса келісім мерзімі 2018 жылдың бірінші тоқстанынан кейін де ұзартылуы мүмкін" дегенді айтады.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?