Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова CNN телеарнасы таратқын «Ресей Талибан қозғалысын қаруландырып отыр» деген ақпаратты жоққа шығарды.
Мария Захарова «Говорит Москва» радиосына берген сұхбатында: «АҚШ бұқаралық ақпарат құралдары бұған дейін бірнеше мәрте Ресейді «Талибан қозғалысын қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыр» деп айыптады. Бұл жалған ақпарат. Ал CNN арнасы Ресейге қарсы үгіт-насихат жүргізудің таптырмас құралы» - деді.
Естеріңізге салайық, CNN арнасы эфирінен ресейлік Калашников, снайперлік винтовкалармен қаруланған Талибан қозғалысының содырлары бейнеленген бейнеролик пен фото көрсеткен болатын. Ал НАТО, АҚШ және Еуроодақ елдерінің біріккен әскери күштерінің басшысы Кертис Скапаротти Ресейді Талибан қозғалысын қолдап отыр деп айыптаған еді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау