Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған Катардың әмірі Тамим бен Хамад Аль Танимен кездесті. Бұл туралы Әл-Жазира (Al-Jazeera) ақпараттық агенттігі хабарлады.
Кездесу барысында екі ел басшысы Парсы шығанағындағы дағдарыс пен оны
дипломатиялық жолмен шешудің жолдарын талқылады. Сондай-ақ Кувейттің
медиациялық қызметі жоғары бағаланып, Түркия мен Катардың терроризм мен экстремизмге қарсы бірлескен күресі сөз болды.
Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавюшоғлы: «Түрік мемлекеті шешімін таппай отырған парсы шығанағындағы дағдарысқа біржола нүкте қою үшін екіжақты келіссөздер жүргізеді», - деп хабарлады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы