Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған (Recep Tayyip Erdogan) АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон (Rex Tillerson) алдында "АҚШ-тың сүриялық күрдтерді қарумен қамтамасыз етуін жалғастыруы Түркияның болашақтағы іс-әрекеттеріне әсер ететіні сөзсіз" деген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың өкілетті органдарының мәліметінше, Тиллерсон НАТО одақтастарының Сүрия жағдайына байланысты көзқарастары әр түрлі екенін ескеріп, алдағы бейсенбі-жұма күнгі Түркияға сапарында келіссөздер оңай болмайды деп болжап отыр.
Түркия АҚШ-тың сүриялық күрдтер одағын қолдағаны үшін қатты ызалы болды. Себебі Анкара оны террористік ұйым және Түркия жерінде 30 жылға уақыт көтеріліс ұйымдастырып келе жатқан, жұмыс істеуіне тыйым салынған Күрдістанның жұмыс партиясының ұлғаюы деп қарастырады.
Өткен айда Түркия оңтүстігіндегі шекарадан күрдтерді алыстату үшін Сүрияның Африн аймағында "Зәйтүн бұтағы" операциясын бастады.
Сонымен қатар күрдтер бақылауындағы Сүрияның тағы бір қаласы Манбиджге (Manbij) де әскерін кіргізген жағдайда, сонда орналасқан АҚШ сарбаздарына оларға кедергі болмасын деп ескертті. Бұл АҚШ-тың генерал-лейтенанты Пол Фанк (Paul Funk) Манбиджге барған сапары кезінде айтылған сөз болатын.
Дегенмен Уашингтон өз сарбаздарын Манбиджден қайтаратын ойы жоқ екенін айтып, соны дәлелдеу үшін өткен аптада Манбиджге екі командирін жіберді.
АҚШ-тың Қорғаныс Департаментінің 2019-жылғы бюджет көшірмесіне сенсек, Пентагон 300 млн АҚШ долларын Сүрияның "пойыз және басқа да техникасына", 250 млн АҚШ долларын шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына бекіткен екен.
Аталған қаражаттың қандай бөлігі күрдтер әскерін қаржыландыруға бағытталғаны жазылмағандықтан, түрік БАҚ бұл ақпаратты "Пентагон 2019 жылы күрдтер одағына 550 млн АҚШ долларын бөлген" деп жариялады.
Ердоған: "Олардың террористерді осылай қолдап отырғаны дұрыс емес. АҚШ халқына мемлекет сіздердің салықтарыңыздан құралған бюджеттен террористерді қолдауға ақша бөліп отыр дегім келеді.