2017 жылдың 24 шілдесінде сағат 12.58 EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелген. Бұл туралы "Астана EXPO-2017" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Ал 11 шілдеде Астананың математика сабағының мұғалімі EXPO-2017 көрмесінің миллионыншы келушісі атанды.

Шілденің 17-нен 23 дейінгі аралықта EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 285 300 адам келіп, орта есеппен алғанда күніне 40 757 қонақ болған. Еске салсақ, көрме жұмысының бірінші аптасында күніне 23 мың адам барған.

Маусымның 10-ы мен шілденің 23-і аралығында Көрмеге келген келушілердің жалпы саны 1 484 300 адам болған.

Айта кетейік, EXPO көрмесіне 2-3 млн адам келеді деп жоспарланған. Мүмкін осыдан кейін болар, комания өкілдері келген-кеткен әрбір адамды жіті қадағалап, "жоспар орындалды" деп айтуға барынша тырысып жатқан сияқты.

 “The Qazaq Times”