Ресейде ғаламтор цензурасына қарсы шеру өтті. Шеру қатысушылары "Роскомнадзор" басшысы Александр Жаровты қызметінен босатуды, ғаламтор цензурасын жоюды және әлеуметтік желілердегі репосттар мен ұнату батырмалары үшін қозғалған қылмыстық істерді жабуды талап етіп, Мәскеу көшелерімен жүріп өтті.
Полицияның деректеріне сәйкес, шеруге 800-ге жуық адам қатысқан. Дегенмен әлеуметтік желілердегі белсенділердің ақпаратына сәйкес, олардың қатары 1 мың 500-ден артық болған.

Фото: Sergei Fadeichev/TASS
Ресейдің БАҚ өкілдері шеру басталмас бұрын, қолына "Путин lies" (Путин өтірік айтады) деген жазуы бар парақша ұстаған Григорий Саксонов есімді азамат құқық қорғау органдарының қолына түскенін хабарлады. Көп ұзамай ол қамаудан босатылды.
Шеру қатысушыларының айтуынша, полиция қызметкерлері ағылшын тілінде жазылған кез келген парақшаларды, олардың мағынасы заңға қайшы келмесе де, тартып алып жатыр деп шағымданды.
21 шілде күні Мемлекеттік Дума "Ақпарат туралы" заң жобасын қабылдаған болатын. Оның мазмұнына барлық интернет сарапшылар мен кәсіпкерлер қарсылық танытқанына қарамастан, ғаламтор қызметіне бірқатар шектеулер енгізілген.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?