Түркия Ирактың Мосул және өзге де қалаларын өз иелігіне алғысы келеді. Бірақ Анкараның бұл ойы тек арман ғана – деп мәлімдеді Ирак вице-президенті Нури әл-Малики.
«Мен Иракқа Түркия перзиденті Режеп Тайып Ердоған келгенде айтқанмын. Түркияның Ирактағы елшісі бізді Осман империясының боданы ретінде көреді - деп. Осы әңгімеден кейін олар Бағдадтағы елшілерін ауыстырды. Бірақ ол да алдыңғы елшідей Иракқа Осман империясының көзқарасымен қарайды. Қазіргі таңда Түркия билігі Мосул қаласын өз қарамақтарына алу үшін барын салуда» - деді Әл-Малики РИА новости агенттігіні берген сұхбатында.
Ирак пен Түркия қарым-қатынасы 2015 жылы Анкара Бағдадтың келісімінсіз Ирактың Найнава провинциясына қарасты Башика ауданына әскерін кіргізгеннен кейін бұзылған еді.
Бұдан бөлек Мосул қаласы «Ислам мемлекеті» содырларынан азат етілген соң Ирак премьер-министрі Түркиядан ел аумағынан әскерін алып кетуді сұраған болатын.

















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы