Бішкекте өтіп жатқан «Алтай өркениеті мен Алтай тілі отбасы және туысқан халықтар» халықаралық форумында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев кирилл әліпбиін қолдап сөз сөйледі деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан сайты.
«Кириллицадан кету халықтың өткенімен байланыстың ажырауына алып келеді. Өткен ғасырда араб әліпбиінен латын қарпіне, одан кириллицаға көшу Оратлық Азия елдерін «алтын ғасыр» мұраларынан айырылып қалуға әкеліп соқты. Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Әуезов сынды біздің жазушы, ғалымдарымыздың барлығы кириллицада жазды. Оларға бұл әліпби қолайлы болды. Иә, дамыған елдердің барлығы латын әліпбиін пайдаланады. Біз де оған ауыссақ экономикалық тұрғыдан дамитын шығармыз. Бірақ Жапония, Корея, Қытай сынды елдер латын әліпбиіне ауыспай ақ дамыған елдердің қатарына кіріп отыр. Егерде латын әліпбиіне ауысудан дамып кететін болса, онда неге Африка мемлекеттері әлі күнге дейін кедейліктен шыға алмай келеді» - деді Алмазбек Атамбаев «Алтай өркениеті мен Алтай тілі отбасы және туысқан халықтар» халықаралық форумында сөйлеген сөзінде.
Естеріңізге салайық, сәуір айының ортасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел үкіметіне қазақ тілін 2025 жылы латын әліпбиіне көшіру үшін дайындық жұмыстарын қазірден бастаңдар деп тапсырма берген болатын.
Ал маусым айында Қырымда өткен Ливадийск форумында Ресейдің ғылым және білім министрі Ольга Васильева ТМД елдерін бір ғана әліпби, яғни кирилл әліпбиіне көшіру керек деп ұсыныс жасаған еді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?