ТЫВАЛАР – Тыва Республикасының байырғы халқы. Сойондар, сойоттар, урянхайлар, танну-тувиндер деп әрқалай аталып келген. Тывалардың этногенезінде Орталық Азиядағы түркі тілдес топтардың ықпалы басым. Тыва-тожиндер самодилер мен кеттер тобының түркі тілдес халықтармен араласуынан шыққан. Ұлттық тағамдары ет пен сүттен жасалады. Сиыр мен бұғы сүтінен жаз кезінде айран, құрт, ірімшік даярлайды. Негізгі тағамдары – ет. Тывалардың баспанасы – кидисег деп аталатын киіз үй. Чум деп аталатын баспананы да қолданған. Үй жиһазы оюлап әшекейленген ағаш төсек, абдыра, ыдыс-аяқ, оюлы тері торсықтардан құралады. Ұлттық спорт өнерінің ішінде ең көп тарағаны – палуандар күресі. Халықтық өнерден бұға-шатра, черги-шатра, тугул-шатра секілді есепке негізделген, ой-өрісті дамытуда маңызы бар тақта ойыны кең тараған. Тыва жазба әдебиеті 1930 ж. ұлттық әліпби қабылданған соң дами бастады. Тывалардың музыка өнерінің негізін әр алуан тұрмыс-салт жырлары, лирик. әндер, күлдіргі частушкалар, көмеймен айтылатын сығыт, қарғыра, хормей секілді халық әндері, сондай-ақ эпикалық сарындағы жырлар, аспапта орындалатын саздар құрайды. Кең тараған музыка аспаптары шекті-ысқышты – допшулуур, бызанчы, игил; іліп тартатын аспаптар – чадаған, шанзы, шелер-хомус, кулузун-хомус, демир хомус; үрлемелі аспаптар –
мургу мен шоор. Ламалар мен бақсылардың үрлемелі сазды аспаптарына бурээ, бушкуур, тун жатады. Соқпалы аспаптары – шан, конча, дамбра, кенгирге, дунгур. Ел аралап, өнер көрсететін әнші-жыршы, сазгерлер ұлттық музыка мәдениетінің дамуын жалғастырды.
Бүгінде Тывалар Республика атанғанымен Ресей федерациясына тәуелді. Көне көшпелілік мәдениеттен гөрі орыс мәдениеті дендеп барады.


















10 КҮНДЕ НЕ ӨЗГЕРДІ? Покровск маңындағы қасап, дрон соғысы және жаңа Бас қолбасшының тактикасы
Алмасбек Садырбай ісі: Протоколдағы «күмәнді» кол қоюлар, Павлодардағы жоқ шығын және тоқтатылған беттесулер
Майдан шебіндегі бетбұрыс: Киевтің «технократиялық төңкерісі» және соғыстың жаңа доктринасы
Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?
Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар