Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағында террорлық акт жасамақ болған азаматты ұстады, деп хабарлайды ведомства баспасөз қызметі.
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ош облысына қарасты Қарасу ауданында 1980 жылы туған халықаралық лаңкестік ұйымның мүшесі М.Б есімді азаматты ұстаған. Тінту барысында күдіктінің үйінен салмағы 8 килограмды құрайтын қолдан жасалған жарылғыш зат табылған.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, М.Б есімді азамат бұған дейін Сүрия мен Ирак аумағындағы қарулы қақтығыстарға қатысып, әскери-диверсиялық дайындықтан өткен.
Қазіргі таңда бұл іс бойынша Қырғызстанның құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?