АҚШ Сенаты Ресейді 2016 жылы Черногорияда мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болды деп айыптады.
АҚШ-тың Атлант кеңесінің вице-президенті Дэймон Уилсонның айтуынша, 2016 жылы Черногорияда мемлекеттік төңкеріс жасау Ресейдің «Б» жоспары ретінде қарастырылған. Оған дейін Мәскеу Балқан түбегіндегі бұл елге Сербия проваслав шіркеуі арқылы, БАҚ арқылы, НАТО-ға кірмеу үшін түрлі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу арқылы қысым көрсеткен. Бұл жұмыстардың ешқайсысы нәтиже бермегеннен кейін «Б» жоспарына яғни мемлекеттік төңкеріс жасауға көшкен. Бірақ онысынан түк шықпаған.
Естеріңізге салайық бұған дейін 2016 жылы күзде Черногория прокуратурасы елде мемлекеттік төңкерістің және сол кездегі ел премьер-министрі Мило Джукановичқа жасалған қастандықтың алдын алғандықтары жайында мәлімдеме жасаған болатын.
Черногория НАТО-ға 2017 жылдың 5 маусымында ресми түрде қабылданған.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?